97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Астана Балет

«Qazaq Percussion» концерті «Astana Ballet» театрында

Билет сатып алу

1 қазан күні «Астана Балет» театрының төрінде соқпалы аспап майталмандарының орындауында театрдың жас оркестрінің шеберлігі паш етілетін бірегей концерт өтпек.

«Qazaq Percussion» - әдеттегі соқпалы аспаптарды нағыз сиқырлы шоуға айналдыратын шебер барабаншылар ұжымы. Бұл кеш дыбыс әлеміне ұмытылмас саяхат болары cөзсіз, әрбір ырғақ жарқын қуаныш пен шаттықтан бастап, терең таңдануға дейін жаңа эмоцияларды оятпақ.

Бағдарламаға хабанера мен танго өнерінен бастап «Звездные войны» фильмінің басты саундтрегіне дейінгі әсерлі, аты шулы және бәрімізге таныс музыкалық туындылар кіреді.

Концерт көрермендерді көптеген жарқын және есте қаларлық спектакльдер және концерттермен таңқалдыруға әбден дайын жаңа, 12-ші театр маусымының ашылуына орайластырылған. Осынау керемет музыкалық іс-шараның куәгері болу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!