Риголетто
Дж. Верди
«Риголетто»
3 бөлімді опера
В.Гюгоның «Патша көңілденеді» драмасы бойынша
Ф.М.Пиавенің либреттосы
Операның премьерасы 1851 жылғы 11 наурызда Венецияның
Ла Фениче театрында өтті.
«Астана Операдағы» премьера
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Риголетто» – әлемнің үздік он операсына енетін Дж.Вердидің айтулы туындыларының бірі. Ал Герцогтың әйгілі «La donna è mobile» әні классикалық музыкадан хабары жоқ жандарға да жақсы таныс.
Операның бел ортасында – өмірдің тәлкегіне ұшыраған ұсқынсыз сайқымазақтың қайғылы бейнесі. Ол бірегей ақылға ие, алайда сарайда қорлыққа толы рөл атқарады. Ол – асқан құмарлық иесі, ақсүйектерді жек көріп, жаратпайтын адам. Сонымен қатар Риголетто – мейірімді әке. Оның қызы Джильданың тазалығы қоғамның моральдық азғындығынан анық ерекшеленеді. Граф Монтероненің әкелік қайғысына келемеж қылғаны үшін тағдыр сайқымазақты жазалайды. Қызын масқаралап, ар-намысына нұқсан келтірген Герцогтан аяусыз кек алмақ болған Риголетто ақырында Джильданың еріксіз өлтірушісіне айналады.
Музыкалық драматургияда өмірінің мәнін ләззат алуға арнайтын азғын, ұшқалақ Мантуя билеушісі – Герцог және сорлы сайқымазақтың бейнелері қарама-қарсы қойылған. Осынау кереғар кейіпкерлер опера музыкасында айқын, психологиялық реңктері қанық түрде бейнеленген.
Десе де «Астана Операда» спектакль режиссері Арно Бернар Мантуя герцогын драматургия өзегі етіп, осы бейнеге өз түсіндірмесін ұсынады. Оны тамаша әрі батыл адам ретінде, өте ақылды, мәдениетті, өз кезеңі – Қайта өрлеу дәуіріне, яғни адам, оның денесі, ақыл-ойы, ішкі жан дүниесі танымның негізгі объектісі болып табылатын дәуірге байлаулы адам ретінде көреді. Бұл – көне заман ескерткіштерін ашу, зерделеу әрі жаңаша пайымдау дәуірі. Герцог – қанағатсыз, шыдамсыз, жаны бір жай таппайтын, тынымсыз, тапқыр және қызыққұмар адам.
«Риголетто» премьерасы 1851 жылғы 11 наурызда өтті. Спектакль зор табысқа ие болды, ал Герцогтың әні, композитор ойлағандай, тамаша әсер туғызды: театрдан шыққан көрермендер оның ойнақы әуенін шырқап немесе ысқыра әндетіп бара жатты. Премьерадан кейін Верди: «Мен өзіме ризамын әрі бұдан артық енді ешқашан ештеңе жаза алмаспын» деп пікірін білдірген.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
Риголетто – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Талғат ҒАЛЕЕВ
Герцог – Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Саян ИСИН
Джильда – Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Лейла АЛАМАНОВА
Спарафучиле – Болат ЕСІМХАНОВ
Саргис БАЖБЕУК-МЕЛИКЯН (Армения)
Маддалена – Татьяна ВИЦИНСКАЯ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Салтанат МУРАТБЕКОВА
Джованна – Елена ГАНЖА
Гүлжанат САПАҚОВА
Монтероне – Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ
Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Марулло – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Борса – Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК
Рамзат БАЛАКИШИЕВ
Граф Чепрано – Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Графиня Чепрано – Ұлпан ӘУБӘКІРОВА
Елена ГАНЖА
Офицер – Сұлтан БАҚЫТЖАН
Герцогиня пажы – Үмітжан ШЕГЕТАЕВА
Гүлдана АЛДАДОСОВА
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы-дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Қоюшы-режиссер – Арно Бернар
Декорациялар бойынша суретші – Риккардо Масирони
Костюмдер бойынша суретші – Анна Верде
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Опера труппасының директоры – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бейне бойынша суретші – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
Қоюшы-дирижердің көмекшісі – Элмар Бөрібаев
Қоюшы-режиссердің көмекшілері – Ямала Ирмичи, Еренбақ Тойкенов,
Гүлсара Мейрамбекова
Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті – Гүлмира Исемғазиева
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Дариға Тайшықова
Бейне бойынша суретшінің ассистенті – Азамат Құттығожин
Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Карим Рамаш
Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре
Қойылымды жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова,
Айнұр Халелова
Концертмейстер – Долорес Үмбеталиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРЫ, МИМАНСЫ, ОРКЕСТРІ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді
