97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы

Robert W. Smith Symphony

Билет сатып алу

Сіздерді 28 қыркүйек күні сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында Қ. Жұмакенов атындағы үрлемелі аспаптар оркестрінің ерекше концертіне шақырамыз.

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин.

                  Бас дирижёр – Дархан Рахымғалиев.

Үрлемелі аспаптар оркестрінің музыкалық тарихы 2001 жылдан бастау алады. Ұжымның құрылуына үлкен үлес қосқан Қазақстанның атақты флейташыларының бірі, педагог, профессор Қайролла Жұмакенов (1955–2008) болды, оның арқасында оркестр көптеген белестерді бағындырды. 2024 жылы оркестрге Қайролла Жұмакеновтың есімі берілді. Ұжым өзінің көпжылдық шығармашылық жолында көрермендердің назарын бірегей концерттік бағдарламалармен аударып келеді. Осы кеште Қ. Жұмакенов атындағы үрлемелі аспаптар оркестрі көрермендерге заманауи көрнекті композиторлардың бірі – Роберт Смиттің шығармаларын ұсынады.

Роберт Смит – 21 ғасырдағы ең танымал әрі жемісті композиторлардың бірі. Оның үрлемелі және ұрмалы аспаптарға арналған туындыларын АҚШ, Канада, Еуропа, Австралия, Оңтүстік Америка және Азияның ең үздік оркестрлері орындаған. Ал оның үш симфониясы – 1-симфония «Құдіретті комедия», 2-симфония «Одиссея», 3-симфония «Дон Кихот» – әлемнің жетекші музыкалық сыншыларының жоғары бағасын алған. Өткен маусымда үрлемелі аспаптар оркестрі Роберт Смиттің «Құдіретті комедия» 1-симфониясының премьерасын ұсынды. Алдағы концертте тағы екі симфония орындалады: 2-симфония «Одиссея» және 3-симфония «Дон Кихот». Бұл үш симфония әдебиеттің ең маңызды үлгілеріне арналған симфониялық триптихты құрайды. Бұл симфонияларда Роберт Смит кейіпкерлерді егжей-тегжейлі сипаттауға емес, тыңдарманға әдеби дереккөздердің әрқайсысының мазмұны мен кейіпкерлерін жалпы түрде сезінуге мүмкіндік беруге тырысады.

Концерт бағдарламасы:

1. Robert Smith «Into the Storm»

2. 2-симфония «Одиссея»

1) Илиада

2) Ветры Посейдона

3) Остров Калипсо

4) Итака

3. Robert Smith 3-симфония «Дон Кихот»

1) Поиски

2) Дульсинея

3) Санчо и ветряные мельницы

4)Освещение