97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
ALA SPACE

ROKSONAKI Алматы қаласында

Билет сатып алу

«Roksonaki» - world music стиліндегі алғашқы қазақстандық топ. 1990 жылы «Азия дауысы» халықаралық этно-музыка фестивалінің (Алғашқы сыйлық,1991 ж) жеңімпазы - Руслан Қара құрған «Roksonaki» тобы Виннипег, Берлин,    Вашингтон, Стамбұл, Канас және Шанхайдағы фестивальдерге қатысты.     

«Вашингтондағы бір үлкен музыкалық фестивальде «Roksonaki» тобындағы жігіттерімен таныстым. Олардың музыкасы – қазақы ұлттық үн мен роктың үйлесімі, бұл енді керемет»,-деді атақты музыкант Yo-Yo Ma.

 Олардың ғаламат музыкасының ерекшелігі - қазақтың  ұлттық  аспаптарының ерекше архаикалық тембрлері мен жекелеген аспаптардан үйлестірілген.  Топтың  репертуарында қазақтың  халық әндері, сондай-ақ,  архаикалық жанрдағы бақсылық,  жыраулық әндерден этнорок үлгісіне өңделген авторлық әндер бар. Музыканттар кеңейтілген және аспаптық-камералық құрамда бірдей ойнайды.