«РОЗА БАҒЛАНОВА» мюзиклы
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII Халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» аталымдары бойынша қос бірдей мәртебелі марапатқа ие болған қойылым сахна төріне қайта оралып, ерік-жігері, таланты мен Отанға деген адалдығымен ел есінде қалған аңыз әншінің тағдырлы ғұмырын тағы бір мәрте көрермен назарына ұсынады.
Мюзикл КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Бағланованың балалық шағы мен жастық кезеңі, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры мен шығармашылығының қалыптасуына әсер еткен өміріндегі шешуші кезеңдер жайлы сыр шертеді.
Қойылымның әрбір көрінісі - әншінің өмірінен алынған эпизод қана емес, шексіз дарыны, рухани қуаты мен Отанға деген өшпес махаббатын сезіндіретін жанды эмоцияға толы сәт.
Көрермен тек әншінің шығармашылық жолын ғана емес, сонымен қатар оның жан толғаныстарын, соғыс кезіндегі қиын күндерін, сахна төріндегі даңқы мен өнерге деген шынайы беріктігін де бірге бастан кешеді. Жарқын музыкалық нөмірлер мен жүрек тебірентер монологтар және әсерлі хореографиялық қойылымдар арқылы миллиондаған жүректерді жылытып, ең қиын сәттерде үміт сыйлаған аңыз әйелдің бейнесі ашылады.
Музыка мен өнер тілінде сыр шерткен ерекше оқиғаның куәсі болуға асығыңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

