тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Қожа Ахмет Яссауи әлемі» көрмеcі «Сайрам» музейінде

Билет сатып алу

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК - ның «Сайрам музейі» бөлімінде Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи мұраларын терең зерделеп, дәріпттеу мақсатында «Қожа Ахмет Яссауи әлемі» атты көрме ұйымдастырылады.

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) көне Исфиджаб қаласындадүниеге келді. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). «Шажараи-Саодат» атты кітапшада келтірілген дерек бойынша  Яссауидің алғашқы ұстазы Шахабиддин Исфиджаби (Ақ Ата баба), рухани ұстазы Арыстанбап еді. Бұхара қаласындағы  медреседе Юсуф Хамаданиден білім алып, тариқат ілімін жалғастырды. Қожа Ахмет Яссауи  әлемге танымал, құнды еңбектердің бірі  «Диуани хикметтің» авторы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған.

Көрмеде музей қорындағы құнды арабша қолжазбалар, дәруіштер  шапаны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мөрінің көшірмесі, Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған кітаптар, журналдар ұсынылады

 

Келу ережелері:

Экспонаттарды қолмен ұстауға-ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.

 

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).

7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 

18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

 

ТЕГІН:

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ топ

Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар.

Мүмкіндігі шектеулі III топтағы азаматтарға - 50% жеңілдік.