тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Ильхом» театры алғаш рет Астана қаласында

Билет сатып алу

Билеттер қайтарылмайды және айырбасталмайды.

«Жеті ай» - биыл 15 жылдығын атап өтіп отырған Ташкент қаласындағы әйгілі «Ильхом» театрының аңызға айналған қойылымы.
Бұл спектакль театрдың айрықша бет-бейнесіне айналып, әлем көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді.

Алишер Науаи шығармаларының желісімен сахналанған поэтикалық әфсана бар байлық пен билікке ие болып, менмендік пен құмарлықтың кесірінен бәрінен айырылған шах Бахрам туралы сыр шертеді.
Бұл қойылым - даңқ пен масқараның, ұлылық пен қорланудың, жойып та, жандандырып та жіберетін шексіз махаббаттың бағасы туралы философиялық туынды.

Қойылымның айрықша күші - жанды музыкалық сүйемелдеуде. Шығыс аспаптары мен заманауи ырғақтар бір арнаға тоғысып, сахнаны саксофон, най, контрабас, соқпалы аспаптар және вокал үнімен толтырады.

Шығармашылық құрам
Қоюшы режиссёр: Владимир Панков
Музыкалық жетекшілер: Сергей Родюков (SounDrama), Артём Ким
Хореограф: Сергей Землянский (SounDrama)
Суретшілер: Сергей Агафонов, Наталья Жолобова (SounDrama)
Инсценировка: Ирина Лычагина, Вячеслав Букатов, Владимир Панков

Театр туралы
«Ильхом» театры - посткеңестік кеңістіктегі алғашқы тәуелсіз кәсіби театрлардың бірі. 1976 жылы режиссёр Марк Вайльдің бастамасымен құрылған. Театрдың басты ұстанымы - үстем идеологиядан толық шығармашылық тәуелсіздік.

«Ильхом» сахнасынан көптеген танымал актерлер мен режиссерлер шыққан: Тимур Бекмамбетов, Виктор Вержбицкий, Джаник Файзиев және басқалар.
Театрдың қойылымдары Еуропа мен Ресей сыншыларының жоғары бағасына ие болып, Австриядан Жапонияға дейінгі 22 елде көрсетілген.

Құрылғанына жарты ғасыр таяған Марк Вайльдің «Ильхом» театры бүгінге дейін Өзбекстандағы тәуелсіз өнердің жүрегі әрі әйгілі мәдени орталық болып қала береді.