97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры

ШИНЕЛЬ

Билет сатып алу

 

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры

«ШИНЕЛЬ»

Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Батыр Колаевты сотқа берсек па екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді. Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейіпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты сөзсіз басты айналдырып, арбап, алдап, жойып жібереді.  Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантосмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзіндік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.

Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектальді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы «Шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.