97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы

Симфоническая сказка «Петя и волк»

Билет сатып алу

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 22 қыркүйек күні сағат 14.00-де жаңа форматта С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі өтеді.

Симфониялық оркестрдің дирижері – Темірлан Нұржау,

қоюшы-режиссері және ертегі айтушы – Татьяна Кирьянова (орыс тілінде),

Дина Ардақ (ағылшын тілінде),

әртістер – «Аманат» би студиясының бишілері (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева).

Бұл ең кішкентай көрермендерге арналған қызықты, өте тартымды, жағымды эмоцияға толы және музыкалық мазмұны бай, әсерлі қойылым.

Ертегі айтушының қоңыр даусы симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеу, сонымен қатар енгізілген балет элементтері ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетеді.

Іс-шара облыстық филармонияның инновациялық жобасы – «Kids музыкалық кофеханасы» жексенбілік отбасылық ойын-сауық бағдарламасы аясында өтеді.

Сіздерді «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісінің қойылымына шақырамыз және асыға күтеміз!