«Моя безумная свадьба» қойылымы Астана қаласында
Алдарыңызға Михаил Зощенконың «Үйлену тойы» атты шығармасының жаңа нұсқасын ұсынамыз.
Некеге әрқашан аса байыппен және көңілмен қарау керек, асығып-үсігіп, аяқ асты шешімдер қабылдамаған жөн. Володька Щавитушкин болса қалыңдығының бетіне қарап, есіне сақтап та үлгермей, оған ұсыныс жасапты. Осылайша жағдай шиеленісе түсті, себебі ол өзінің қалыңдығын мүлдем бейтаныс қызбен шатастырып алған екен!
Басты кейіпкер мен оның адал досы қойылым бойы күлкілі әрі біртүрлі жағдайларға тап болмақ. Шақырылған қонақтардың барлығы күйеу жігітке қарсы қитұрқылықтар ойластыруда.
Ақыр соңында Володька Завитушкин күйеу жігіт емес, жай қонақ болып шыға келеді. Ал оның орнын кім баспақ? Оны көтеріңкі көңіл күй, күлкі, ирония мерекесіне толысқан қойылым барысында білетін боласыздар.
Актерлер: Сергей Рубеко, Александр Морозов, Роман Юнусов, Ирина Низина, Ольга Сташкевич, Екатерина Иванова-Гайдученко.
Актерлер құрамы қосымша ескертусіз өзгертілуі мүмкін.