тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Сұлтан Бейбарыс Astana Ballet театрында

Билет сатып алу
Билет сатып алу

Музыка: Хамит Шаңғалиев пен Әлібек Әлпиев

Либретто авторы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков

Хореограф-қоюшы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұкарам Авахри

Хореографтың ассистенті: Айжан Жүнісова

Сценограф: Леонид Басин

Костюм суретшісі: Ася Соловьева

Жарық суретшісі: Арсения Сафиуллина

Жарық суретшісінің ассистенті: Роберт Дәутов

«Сұлтан Бейбарыс» балеті - даңқ пен билік шыңына апарар жолдың таңғажайып әрі жүрек тебірентерлік тарихы. Мұндай жол әрдайым үлкен мақсаттарға жету жолындағы құрбандықтарды талап етеді.

ХІІІ ғасырда Таяу Шығыстағы ең қуатты мемлекеттің билеушісіне айналған, құлдан - сұлтанға дейінгі жолды жүріп өткен адамның тағдыры - қайшылыққа толы әрі таңғаларлық. Дешті Қыпшақтың ұлан-ғайыр даласында дүниеге келген Бейбарыс I «Абу-л-Футух» («Жеңістердің әкесі») және «Рукн-ад-дин» («Діннің тірегі») деген атқа ие болды. Ол бүкіл өмір бойы туған жері - қыпшақ даласына деген сағынышын жүрегінде сақтап өтті.

Көпшілік сахналар мен бай костюмдер, мистикалық элементтерге толы көркемдік шешімдер көрерменді сахнада болып жатқан оқиғаның шынайылығына сендіреді.