SUP серуен - Первомай тоғандары
Кімдерге арналған?
SUP серуені - арнайы дайындықты қажет етпейтін, жас ерекшелігіне немесе басқа да шектеулерге байланысты кедергі келтірмейтін қолжетімді ойын-сауық түрі.
Егер сіз біреудің көмегінсіз орындыққа тұра алсаңыз - SUP серуенін де 100% меңгере аласыз.
Киімге қатысты ұсыныстар:
Қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін жеңіл киім.
Әрқашан ауа райына сай киінген дұрыс.
Ең бастысы - сіз су үстінде боласыз, яғни суға тиіп қалу қаупі бар, сондықтан өзіңізбен қосымша киім алып шыққаныңыз жөн.
SUP серуені: Первомай тоғандары
Первомай тоғандары — алматылықтардың сүйікті орны! Қаланың орталығынан небәрі 40 минуттық жерде орналасқан бұл тамаша тоған — тыныш және жайлы атмосферасымен ерекшеленеді.
Тур құнына кіреді:
Нұсқаулық және үйрету
SUP-жабдық (доска, лиш, ескек)
Құтқару желеткесі
10 литрлік су өткізбейтін гермомешок
Естелікке фото және видео
Инструктордың сүйемелдеуі
Тур құнына кірмейді:
Трансфер
Дронмен түсіру
Кездесу орны:
Восточная көшесі, 89
«Жастар» су спорт базасы
Көше бойымен сол жақтағы көгілдір түсті екінші қақпаға кіріңіз.
Яндекс Такси үшін мекенжай: Восточная көшесі, 89
ПКСТ «Ардагер-Ветеран», Іле ауданы
Такси жүргізушісінен көк қақпаға дейін тағы 20 м жүріп өтуін сұраңыз.
БІЗ ПЕРВОМАЙ ТОҒАНДАРЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА ҚАРАСТЫ ЕМЕСПІЗ.