Танго. Piazzolla. Live
«Танго. Piazzolla. Live»
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі Астор Пьяццолла тангоны әлемге толыққанды классикалық жанр ретінде танытты. Оның құштарлыққа толы музыкасы таңғалдырады, елітеді әрі шабыттандырады. Пьяццолланың туындылары жантебірентерлік соло бандонеоннан қуатты симфониялық оркестрге дейінгі сан алуан әрлеуде шырқалып, концерттік эстраданы да, кино әлемін де бағындырады.
«Танго. Piazzolla. Live» концерті – осы жалындаған жанрды сүйіп тыңдайтындар үшін тамаша сый. Сахнаға аргентиналық маэстроның шығармашылығын шамшырақ етіп, көркемдік талпыныстарына шабыт алған шебер аспаптық ансамбль шығады.
Кеш бағдарламасында Астор Пьяццолланың, сондай-ақ оның ізашарлары мен замандастары Карлос Гардель, Франсиско Канаро, Роберто сынды аргентиналық танго тарландарының танымал музыкасы шырқалады.
Буэнос-Айрестің атмосферасына бөленіп, Пьяццолланың мәңгі өлмес музыкасының тынысын сезініңіз әрі тамаша музыканттардың орындауында жалынды танго құштарлығын таныңыз.
БАҒДАРЛАМА:
Р.Молинелли. «Нью-Йорктен төрт сурет» сюитасынан «Танго-клуб»
А.Пьяццолла. Recuerdo New York («Нью-Йорк туралы естелік»)
А.Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» (Жаз, Күз, Қыс, Көктем)
А.Пьяццолла. Oblivion («Ұмыту»)
Ф.Канаро. Tango Poema («Поэма»)
А.Пьяццолла. Adios Nonino («Қош бол, Нонино»)
А.Пьяццолла. Milonga del Angel («Періште биі»)
А.Пьяццолла. Escualo («Акула»)
А.Пьяццолла. «Танго тарихы» топтамасынан Café 1930
К.Гардель. Por una Cabeza («Есінен айырылған»)
А.Пьяццолла. Vuelvo al Sur («Оңтүстікке ораламын»)
Р.Гальяно. Tango pour Claud («Клодқа арналған танго»)
А.Пьяццолла. Libertango («Либертанго»)
Х.Родригес. La Cumparsita (Танго)
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)
Жанна АҚТАСОВА (саксофон)
Мәдина СЕЙІТҚАНОВА (фортепиано)
Ринат САЙФУТДИНОВ (баян)
Әзиз ЖАҚИЯНОВ (контрабас)
ТАНГЕРОС:
Динара ШАМҰРАТОВА
Ибраим ХАЛЕЛОВ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.