97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Жамбыл атындағы филармонияның гастрольдік сахнасы

THE BEST OF MOZART & HAYDN

Билет сатып алу

2024 жылдың 23 қыркүйек күнінде «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік камералық музыка оркестрі өзінің XXVIII концерттік маусымының ашылуын ұсынады!

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында Вольфганг Амадей Моцарттың, Йозеф Гайднның және Эдвард Эльгарның өшпес туындылары орындалмақ.

Бағдарламада:

- Вольфганг Амадей Моцарт (1756 - 1791)

№ 23 фортепиано мен оркестрге арналған концерт, ля мажор (1786), KV488

• Allegro
• Adagio
• Allegro assai

Солистка: ҚР білім беру үздігі, халықаралық байқаулардың лауреаты
ГҮЛНАРА ҚҰРАМБАЕВА

- Йозеф Гайдн  (1732 -1809)

№2 Виолончель мен оркестрге арналған концерт, ре мажор (1783), Hob VIIb: 2

• Allegro moderato
• Adagio
• Rondo (Allegro)

Солист: халықаралық байқаулардың лауреаты
САЛАУАТ КӘРІБАЕВ

- Эдуард Эльгар (1857-1934)

Ішекті аспаптарға арналған серенада, ми минор, 20-шы шығ., (1792)

• Allegro piacevole
• Larghetto
• Allegretto

ҚАЗАҚСТАН КАМЕРАТАСЫ мемлекеттік камералық оркестрі
Көркем жетекшісі: ҚР халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің лауреаты, профессор

ГАУХАР МЫРЗАБЕКОВА

Дирижер: ПАВЕЛ ТАРАСЕВИЧ

Ашылуға классицизм мен романтизм дәуірінің нағыз жауһарлары таңдалған.
№ 23 фортепиано мен оркестрге арналған концерт және ре мажор оркестріне арналған виолончель концерті әлемдік музыка тарихында ең көп орындалатын шығармалардың бірі болып саналады.

Оркестрмен фортепианоға арналған №23 ля мажор, К. 488 концерті заманының озық тұлғасы Моцартты және оның асқан сұлулық пен эмоциялық тереңдік тұнған музыка тудыру қабілетін әйгілейтін туынды. Й. Гайднның оркестрмен виоленчельге арналған №2 концерті қалай да есте қалатын, жарқын көрнекілік, мөлдірлік, жеңілдік және фактураның «салмақсыздығы» және Гайдн музыкасына тән тамаша шынайылық, тазалық және жалықтырмайтындығымен ерекшеленеді. «Ішекті аспаптарға арналған серенада» - романтизм рухы мен талғампаз сұлулық тұнған, үшбөлімді шағын техникалық шығарма, бұл Эдвар Элгардың Англияда ең жиі орындалатын туындыларының бірі және әлемде танылған сирек шығармаларының бірегейі. Туындылардың көп уақыт бұрын жазылғанына қарамастан, олар музыкалық асқақтығы мен сұлулығы арқылы тыңдарман жүрегінен орын алып келеді.