Үш апалы-сіңілі. Тұсаукесер!
Антон Чеховтың атақты «Үш апалы-сіңілі» пьесасы негізінде қойылған бұл спектакль, «егер бәрі басқаша болса ше?» деген ойдан туған қиял мен сезімге толы туынды.
Арманға деген адалдық туралы спектакль.
Үлкен қалаға кетуді армандаған үш апалы-сіңілінің хикаясы бүгін таңда бұрынғыдан да өзекті.
Әрқайсымыз бір күні бәрі өзгерер, өмір жеңілдер деп үміттенеміз. Бірақ сол «бір күннің» келері екіталай.
Ал ештеңеге қарамастан өз жолыңмен жүру үшін батылдық керек.
Дәл қазір, дәл осы сәтте қорқу, сүю, қиналу, бірақ бәрібір өмір сүрудің маңыздылығы туралы хикая.
Әр көрерменді міндетті түрде тәнті етер қойылым. Себебі әрқайсымыз өмірімізде бір сәт болсын бәрін сол қалпында қалдырайын ба, әлде тәуекелге бел буып, бақытты болуға ұмтылайын ба деген сұраққа жауап іздей бастаймыз.
