Tuaregs
«Бір-бірімізге жек көрініш тудырмай, бірге бола аламыз ба?..»
Бостандық па, билік пе?
Бір адам екіншісіне үстемдік жүргізе бастағанда не орын алады? Ол кім екені маңызды ма? Қорқынышсыз өмір сүруге, біреуді бақылауға тырыспай, шын сүйіп, бірақ байлап қоймай өмір сүруге бола ма?
Ертегі-драмеди-рәсім.
Бостандық пен шекаралар жайлы, әйел мен еркек жайлы, осы сәтте туындап, ізі ғана қалып, ғайып болатын миф жайлы.
Біз туралы:
ÖS әрекет ұжымы (ÖS Acting Collective)
- Алматы қаласынан шыққан пәнаралық театр тобы.
Ұжым құрамында тәуелсіз актрисалар: Інжу Әбеу, Маша Гольм, Лаура Тұрсынқанова, Айгерім Ерғалиева мен Камилла Рашид бар. Біз драма, пластикалық, сайт-специфик театр, қуыршақ театры, кино, визуалды өнер және көркемдік зерттеулермен айналысамыз.
Қаланың әртүрлі кеңістігінде шығармашылық жобалар жасаймыз.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

