TV Series Evolution
2025 жылдың 27 қазан күні сағат 19:00-де Кеншілер мәдениет сарайында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының К. Жұмакенов атындағы Үрлемелі аспаптар оркестрі дайындаған «TV Series Evolution» атты бірегей бағдарлама ұсынылады. Бұл кеш ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы мен ХХІ ғасырдың басындағы культтік телесериалдармен бірге өскен көрермендер үшін нағыз музыкалық жаңалық болмақ.
Телесериалдар әрдайым жай ғана көңіл көтеру құралы болған жоқ. Олар өз дәуірінің рухын, мәдениетін, қоғамдағы көңіл күйді бейнеледі. Әрбір телехикаяның ажырамас бөлігіне айналған музыка бірден танылып, сезімдерді оятып, миллиондаған көрерменнің жадында мәңгі сақталады.
Дәл осы дәуірлердің алуан түрлілігі мен музыкалық стильдер байлығы филармонияның жаңа бағдарламасында тоғыспақ. «Просто Марияның» лирикалық әуендерінен бастап «Клонның» драмалық саздарына, «Достардың» көңілді әуені мен «Тақтар ойынының» монументалды композицияларына дейін концерт өзіндік «уақыт әуезіне» айналады.
Сахнада орындалатын шығармалар қатарында:
• «Санта-Барбара» сериалынан культтік әуен,
• «Жабайы періште» мен «Бригаданың» ностальгиялық тақырыптары,
• «Ғажайып ғасырдың» шығыстық бояуы,
• «Тақтар ойынының» эпикалық саздары,
• қазақстандық аңызға айналған «Перекрёсток» драмасының әуені
және бірнеше ұрпаққа таныс әрі сүйікті көптеген туындылар бар.
Әр саундтрек жаңа интерпретацияда ұсынылып, филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің түпнұсқа аранжировкалары мен солистердің орындауында ерекше әсерге бөленеді.
«TV Series Evolution» концерті буындар арасындағы шығармашылық диалог ретінде ойластырылған. Бірі үшін бұл – жастық шаққа саяхат болса, енді бірі үшін – өткен онжылдықтардың мәдени кеңістігін қалыптастырған музыкамен жаңа таныстық болмақ.
Кеш барысында әр жанр – мелодрама мен комедиядан бастап тарихи драма мен фэнтезиге дейін тоғысып, көрермен экрандық сиқырды жасаудағы музыканың құдіретіне тағы бір мәрте көз жеткізеді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
