«Қуыршақтар әлемінде» - Тотальный театрдан балаларға арналған шеберлік сабағы
БИЛЕТТЕР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. БИЛЕТТІ СПЕКТАКЛЬГЕ ДЕЙІН 2 САҒАТТАН КЕШІКТІРМЕЙ БАСҚА СЕССИЯҒА НЕМЕСЕ КҮНГЕ АУЫСТЫРА АЛАСЫЗ
Сіздерді «Қуыршақтар әлемінде» мастер-классына шақырамыз, онда біз театрландырылған қуыршақтардың сан алуан түрлері мен жүйелері туралы айтатын боламыз.
Балалармен бірге:
• әр түрлі қуыршақтардың түр-тұрпатын таныстырамыз,
• суретшінің қуыршақ эскизін қалай жасайтынын көреміз,
• қуыршақ жасау сәтін - нағыз сиқырды бастан кешіреміз.
Әрине, әр қуыршақты ұстап көруге, онымен әрекеттесуге және басқаруға мүмкіндік беріледі.
Бұдан бөлек, балалармен бірге қарапайым материалдардан өз қуыршағымызды жасап, шағын музыкалық қойылым ойлап табамыз.
Ал финалда:
Ата-аналар мен көрермендерді залға шақырамыз - балалар дайындаған әсерлі музыкалық этюдті тамашалауға!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


