ФРАНЦУЗ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ
«FORTE-TRIO ұсынады» топтамасы
ФРАНЦУЗ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ
(Эрнест Шоссонның 170 жылдығы мен Габриэль Форенің 180 жылдығына орай)
Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
FORTE-TRIO Қазақстан Республикасы мемлекеттік триосының «Астана Опера» театры Камералық залындағы концерттері игі дәстүрге айналып, үнемі классикалық музыка сүйер қауымның басын қосады.
Ансамбль өзінің бай әрі сан алуан репертуарымен танымал: өнерпаздар қоржынында барокко дәуірінің таңдаулы музыкасынан бастап заманауи композицияларға дейін, атақты классика жауһарларынан бастап жарқын джаз туындыларына дейін бар. Осының арқасында FORTE-TRIO концерттері тыңдармандарға музыкалық өнердің жаңа қырларын паш ете отырып, көпшілік көрерменді өзіне баурап алады.
Жаңа күзгі маусымда ұжым барша әлемдегі музыкалық қауымдастық мерейтойларын атап өтіп жатқан әйгілі француз композиторлары – Эрнест Шоссон мен Габриэль Форенің шығармашылығына арналған бағдарламасын ұсынады.
Көрермендерді әсемдік пен үйлесімге толы талғампаз әрі шабыттандырар музыка қарсы алады. Бұл кеш камералық жауһарларды тамсана тыңдап, FORTE-TRIO-ның көп жылдар бойы тыңдарманына сыйлап келе жатқан өнерімен бетпе-бет жолығу атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік болмақ.
БАҒДАРЛАМА:
Э.Шоссон. Фортепианолық трио, соль минор ор. 3
1. Pas trop lent
2. Vite
3. Assez lent
4. Animé
Г.Форе. №1 фортепианолық квартет, до минор ор. 15
1. Allegro molto moderato
2. Scherzo. Allegro vivo
3. Adagio
4. Allegro molto
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы құрамы:
Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)
Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)
Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)
Концертке Леонид МЫСОВСКИЙ (альт) қатысады
Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Тимур УРМАНЧЕЕВ.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Национальный музей РК
Мажор в Дубае (2025)
