97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Astana Opera

Ұлылық пен құштарлық

Билет сатып алу

«Ұлылық пен құштарлық»

камералық-вокалдық музыка кеші

«Ұлылық пен құштарлық» – «Астана Опера» әртістерінің әйгілі опера композиторлары Джузеппе Верди мен Джакомо Пуччинидің шығармашылығына арнаған камералық музыка кеші осылай аталады. Олардың опералық арияларын сүйіп тыңдаушылар көп. Алайда осы композиторлардың камералық аспаптық шығармалар мен романстар жазып, нәзік сезім мен рухани тебіреністер әлемін ашқанын бәрі біле бермейді.

Джузеппе Верди шығармашылық ғұмырында 26 опера жазған, бірақ, бір қызығы, оның романстарының саны да – 26! Ол өзінің өнер жолында 60 жыл бойы романстар жазған, алғашқысы –  Brindisi – бірінші операсынан екі жыл бұрын, ал ақырғы екі романсы соңғы опера премьерасынан бір жылдан кейін жарық көрген.

Ішекті аспаптар квартеті, ми минор – Вердидің камералық музыка жанрында шығарған жалғыз шығармасы. Композитор оны 1873 жылы Неапольде «Дон Карлос» пен «Аида» қойылымдары арасында жазған. 

Джакомо Пуччинидің негізгі көркемдік жетістіктері опера жанрында шоғырланған. Алайда Пуччини камералық аспаптық (ішекті аспаптар квартеттері) және вокалдық (фортепианомен бірге дауысқа арналған романстар) миниатюралар жанрында жазған.

Концертте танымал әртістердің орындауында опера данышпандарының қалың көпшілікке белгісіз туындылары шырқалмақ. Концерт жарқын эмоциялар мен шабыт сыйлайтынына сенімдіміз!

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)                         Концертмейстер – Ирина КУРГУЗКИНА

Ішекті аспаптар квартеті:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Ирина ДОЛГИХ (скрипка)

Олеся МОРОЗОВА (альт)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)    

БАҒДАРЛАМА:

Джузеппе ВЕРДИ (1813–1901)

Ішекті аспаптар квартеті, ми минор

  1. Allegro. 2. Andantino. 3. Prestissimo. 4. Scherzo. Fuga

Джакомо ПУЧЧИНИ (1858–1924)

Ішекті аспаптар квартетіне арналған «Хризантемалар» (Crisantemi) элегиясы, S. 65

Дж.Верди мен Дж.Пуччинидің камералық-вокалдық туындылары.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.