Vienna Strauss Philharmonie Orchestra Алматы қаласында
2025 жылғы 18–20 қазан күндері Vienna Strauss Philharmonie Orchestra алғаш рет Алматы мен Астанада өнер көрсетеді. Оркестр әлемге әйгілі Вена классикалық дәстүрінің жауһарларын - Моцарт, Брамс, Гайдн, Дворжак, Россини және Штраус әулетінің шығармаларын қамтыған әсерлі бағдарламасын ұсынады.
Ұжым 2014 жылы атақты Mozart Orchestra-ның (Вена, Австрия) негізін қалаушы маэстро Геральд Грюнбахердің бастамасымен құрылған. Дирижёрлік тізгінді халықаралық аренада мойындалған харизматик маэстро Андраш Ласло Деак ұстайды. Сахна төрінде Австрия, Венгрия, Жапония, Украина, Германия, Польша, Тайвань, Хорватия және Кипрден арнайы іріктелген 27 дарынды музыкант бас қосады. Оркестрдің басты мақсаты - Вена музыкалық мұрасын сақтап, оны Еуропа мен бүкіл әлемге таныту
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.jpg?w=220&h=300)

.jpg?w=220&h=300)