«Қарға»
Қойылым туралы:
«Қарға» спектаклін неге көру керек деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл - Алматы сахнасында сирек кездесетін, әрбір ұсақ деталі тірі тыныс алып тұрған қойылым. Антон Болкунов режиссер әрі суретші ретінде жасаған Эдгар Поның сұсты да сұлу әлеміне үңілу үшін лупамен қарағың келеді. Бұл сахнада басты рөлді үнсіздік, бас-гитараның үні мен еден тақтайларының сықыры ойнайды.
Алайда мұнда тағы бір кеңістік бар - жазушының, автордың, «өлімге дейін ғашық» адамның және қара құстың әлемі. Бұл - сөзсіз диалог. Бұл - ымырасыз қарым-қатынас. Екеуін де бір арнаға жетелейтін - Галина Пьянова. Ол гротеск арқылы өлім туралы айта отырып, ирония мен юмордың көмегімен бәрін жұтып қоятын ұлы махаббатты көрсетеді. Одан кейін - бос кеңістік. Nevermore.
«…Қазақстанға жаңа театрлық бағыттар келіп жатыр: суретші театры бірнеше жылдан бері әлемдік мәдениеттегі басты трендтердің бірі…»
exclusive.kz, наурыз 2024
«…менің көзіме бірден түскені - сахнаның керемет безендірілуі. Бұл жай ғана әрекет өтетін орын емес, бұл - Эдгар Поның нағыз пәтері: мұнда сағаттар өздігінен жүріп тұрады, ал каминнің үстінде оның сүйікті Ленордың портреті ілулі…»
manshuq.com, наурыз 2024
Режиссер туралы:
Антон Болкунов - ARTиШОК театрының режиссері, театралды суретші. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің, Т. Жүргенов атындағы ҚазНАИ-дың және жоғары режиссура курстарының (И. Квирикадзе шеберханасы) түлегі.
«Арлекин» (2021), «Золотая Маска» (2023) және басқа да беделді марапаттардың лауреаты. Актерлік-режиссерлік курстың педагогы. Антон қазақстандық театр үшін бірегей бағыт - визуал, перформатив және бейнелік тіл басты қозғаушы күшке айналатын «театр-художник» жанрын дамытып келеді.
Антонның көркем жұмыстары Үлкен сахнаның фойесінде орналасқан Bolkunov Electric Gallery кеңістігінде ұсынылған. Театрдың 25 жылдық маусымында оның авторлық живописі көрмесі ашылады.
Автор туралы:
Эдгар Аллан По (1809-1849) - америкалық жазушы, ақын, эссеист. Классикалық детектив жанрының негізін қалаушы әрі психологиялық прозаның бастауында тұрған тұлға. Оның шығармалары ғылыми фантастиканың қалыптасуына ықпал етіп, иррационалдық, үрей мен тағдырға бойсұну сынды тақырыптары кейінгі декаденттік әдебиеттің эстетикасын алдын ала болжады. Эдгар По ең алдымен тылсым, үрейлі әңгімелерімен және әлемге әйгілі «Қарға» (The Raven) поэмасының авторы ретінде танымал.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Буратино
Bir Tuugan Fest














