тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Паганинидің барлық каприсі. Толық бойлау

Билет сатып алу

«Музыкалық альянс» топтамасы

 «Паганинидің барлық каприсі. Толық бойлау»

концерті

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 30  минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Белгілі шебер орындаушы әрі скрипка өнерінің белсенді насихаттаушысы Бағдат Әбілханов репертуар таңдауда өзіндік ерекше шығармашылық көзқарасымен дараланады. Жаңа маусымда ол көрнекті композиторлар мен орындаушылардың шығармашылығына арналған «Музыкалық альянс» концерттік топтамасын жалғастырады.

Бірінші концерт – туындылары, тіпті есімі де хас шеберліктің нышаны іспетті аты аңызға айналған скрипкашы әрі композитор Никколо Паганинидің кемеңгерлігіне тарту. Оркестр әртістері музыканттарға техникалық кемелдігін және ұлы музыканттың түпкі идеясын тану тереңдігін паш етуге мүмкіндік беретін соло скрипкаға арналған оның 24 каприсінен тұратын топтаманы (ор.1) орындайды. Жоба авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов.

Осы кеш классикалық музыка бағалаушылары үшін нағыз мерекеге айналмақ. Шабытқа толы хас шеберліктің айрықша әлемін тану мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

Н.Паганини. Соло скрипкаға арналған 24 каприс

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Әнел ШӘКІРОВА

Балнұр ҚҰДАЙБЕРГЕН

Шалқар ЖЕЛДІБАЙ

Айя ҒАББАСОВА

Ася НҰРЖІГІТОВА

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.