тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Идеялар өнері - Қытай ұлттық музейінің жауһарлары» көрмесі

Көрменің ашылуы 2025 жылғы 5 маусымда сағат 14:00-де өтеді.

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Қытайдың Ұлттық өнер музейімен бірлесіп «Идеялар өнері - Қытай ұлттық музейінің жауһарлары» атты көрмені ұсынады. Экспозицияда қытай өнер шеберлерінің жетістіктерімен таныстыратын шамамен 50 туынды - кескіндеме, графика және мүсін үлгілері қойылған.

2018 жылы Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Жібек жолы бойындағы музейлер мен галереялардың халықаралық альянсына кірді. Бұл кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасын Қытай ұлттық музейі көтерген. Игі бастама елдер арасындағы мәдени және өнер алмасуды нығайтуға бағытталған.

«Идеялар өнері - Қытай ұлттық музейінің жауһарлары» көрме жобасы ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады. Қазақстандық көрермендер үшін бұл - Бейжің қаласындағы жетекші өнер музейінің ұсынған қытай өнерінің таңдаулы үлгілерімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

Көрмеге ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қытайдың әйгілі суретшілерінің туындылары - мүсін, майлы бояу, акварель, гуашь және қағазға тушьпен орындалған дәстүрлі қытай кескіндемелері енгізілген. Суретшілер Се-и дәстүрін жалғастыра отырып, стиль, техника және материал ерекшеліктері арқылы бейнеленген нысанның сыртқы көрінісімен қатар оның рухани болмысын да ашуға ұмтылады.