Оғыз дала мәдениетінің іздері
Әр айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
2025 жылғы 25 қыркүйектен 25 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде оғыз мұрасына арналған «Оғыз дала мәдениетінің іздері» атты көрме өтеді.
Көрме Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстырып, оғыз тайпаларының Еуразия кеңістігіндегі рөлін және олардың түркі дүниесінің саяси, рухани және материалдық тарихына қосқан зор үлесін айқындайды.
Экспозицияға ҚР Ұлттық музейінің, Қызылорда облыстық өлкетану музейінің және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қорларынан алынған 300-ге жуық бірегей археологиялық табылымдар мен этнографиялық материалдар енгізілген. Экспонаттардың бірқатары Бүкіләлемдік мұра нысандары ретінде танылып, ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттаудың маңызды құралы болып отыр.
Экспозиция иммерсивті технологиялармен және мультимедиялық материалдармен сүйемелденіп, келушілерге тарихи үдерістерді тереңірек әрі эмоциялық тұрғыдан сезінуге мүмкіндік береді.
Көрме атауы: |
«Оғыз дала мәдениетінің іздері» |
||||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут Топтық экскурсияларға мына телефондар бойынша жазылыңыз: 91-90-35, 91-90-36 |
||||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
||||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||||
Күні мен уақыты: |
25/09/25 -25/10/25 |
||||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - оқушылық тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). |
||||||||||||
Тариф 1. Атауы: «Алтын» залдарынсыз музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге бару кіреді (Алтын залдары мен шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Тариф 2. Атауы: «Алтын» залдарын қоса алғанда музейге кіру * Кіру билеті құнына барлық тұрақты экспозициялар, уақытша көрмелер және «Алтын» залдарына бару кіреді (шетелдік көрмелерден басқа). * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін * «Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Жеңілдіктер: • Қазақстан Республикасының жеңілдік санаттарына жататын азаматтары ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тегін немесе жеңілдікпен кіру құқығына ие. • Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде Ұлы Дала ежелгі өнері мен технологиялары залын («Алтын залдары») қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады. • Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар (шетелдік көрмелерге кіру билеттерін қоса алғанда) |