«Жанымды тербеткен әуен» (Astana Opera)
Ретро-концерт
«Жанымды тербеткен әуен»
Концерт қазақ тілінде өтеді
Ұзақтығы - 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 10+
Ұйымдастырушылар орындаушылар мен бағдарламада көрсетілген шығармаларды ауыстыруға құқылы.
Мамырдың шырайлы кешінде халықаралық байқаулардың лауреаты - Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Жанымды тербеткен әуен» атты концертімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Бағдарламада халық әндерінің хорға лайықталған нұсқалары мен қазақ композиторларының хитке айналған әндері шырқалады.
A cappella стилінде орындалатын хор шығармалары арқылы тыңдарман ұлттық өнердің киелі болмысын, авторлық туындылардың жаңа тынысын сезіне алады.
Ұжымның кең көлемді репертуары ұлттық және әлемдік классика жауһарларын қамтиды. Концертте Н.Тілендиев, И.Жақанов, Ш.Қалдаяқов, М.Құсайынов, Т.Мұхамеджанов, М.Омаров, А.Бейсеуов, А.Зацепин, Е.Абдыхалықова және басқа да авторлардың шығармалары орындалады.
Орындаушылар:
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры
Көркем жетекші және бас дирижер:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлмира Құттыбадамова
Бас хормейстер: Данара Ташатова
Концертмейстер: Гүлден Базыкен
«Астана Опера» театрында сатып алынған билеттер тек спектакльдің тоқтатылуы немесе кейінге шегерілуі жағдайында ғана қайтарылып, ауыстырылады. Басқа жағдайларда қайтару мен айырбастау мүмкін емес.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

