Үйлену
Гогольдің кейіпкерлері - карикатура тәрізді. Олардың әрекеттері - шым-шытырық, қорқыныштары - күлкілі, ал тілектері - өзара қайшылыққа толы. Бірақ ең бастысы - олардың барлығы бізге тым таныс. Бүгінгі адам таңдау еркіндігіне ие ме? Біз өз тағдырымызды өзіміз анықтаймыз деп сенеміз, бірақ... біздің шешіміміз өзгенің көзқарасына тәуелді емес пе? Қоғам бізді білінбей жетектеп отырады - біз өз бетімізбен жүрміз деп ойлаған сәттерде де. Біз әлі де өзгенің үмітінен аса алмаймыз. Әлі де біреудің назары түсіп тұрған кезде шешім қабылдаудан қорқамыз. Өз қалауларымызды «Жұрт не дейді?» деген сұрақтың артына жасырамыз.
Басты кейіпкер Подколесин - өзгерістен қорыққан, қадам басудан жасқанған жан. Ол қазіргі адамның ішкі күйзелісін бейнелейді: алға қарай басқан қадам терең шың-құзға құлағанмен тең көрінетін сәттерді.
«Үйлену» - таңдау механизмінің ішкі құрылымына үңілуге арналған әрекет. Мұнда сахна шекарасы жойылады: көрермендер оқиға кеңістігінің бір бөлшегіне айналып, кейіпкерлердің жанында тұрады, тіпті олардың ойын еститіндей күйге енеді. Бұл спектакль күнделікті өмірімізге алыстан көз тастап, оны фарсқа айналдырады. Қапапайым қойылым ұғымынан асып түсер, көрерменді баурап алар ерекше тәжірибе.









