Жоламан
Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісі бойынша жазылған «Жоламан» атты музыкалық драмасы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын туынды.
Пьеса Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдыр тауқыметіне жолығуымен байланысты. Мақсаты - қоғамда жетімдерді болдырмау. Кіршіксіз сәби көз жасына қалмау. Автор осы мақсатты жүзеге асырады. Аталмыш қойылымнан театр сүйер қауымның алар тәрбиесі мол. Спектакльде өмірде болатын әртүрлі жағдайлар суреттелген.
Музыкалық драма кейіпкерлерінің трагедиялары, драматизмдері тартысқа толы. Туынды отбасы құрудағы құндылықтар, бала тәрбиесі мен ата дәстүр бағытында ұл-қыздарға ой салады. Аталған идеялар қойылымның кульминациясы болып табылады. Ал басты кейіпкер Жоламан өз анасымен табыса ма екен? Оның өмір жолы әрі қарай қалай байланысады? Қандай қиындықтар мен жетістіктерді бастан өткереді? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздейік!
Рөлді орындаушылар:
Жоламан-Айбек Тыныштықбаев
Аяла-Мөлдір Ануаш
Біржан-Нұрбек Серік
Мақсат-Ерасыл Нұртай
Жайна-Аяулым Ғалымқызы
Севинч Аманжолова
Көрші әйел-Айман Абубакирова
Арай Амантауова
Полиция-Роман Фалей
Айман-Гүлмира Шаймағанбетова
Жебеген-Олжас Ашит
Думан Омар
Бағила-Арай Амантауова
Айман Абубакирова
Көпшілік сахнада театр әртістері
Театрдың директоры және көркемдік жетекшісі-Марина Тәңірберген
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Аватар 4 (2029)
Мстители 5 (2026)
