АҚ-ҚАНАТ
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешіне шақырады.
Кеш барысында көрермен назарына отандық балетмейстерлердің сахналауымен дайындалған жеке әрі топтық хореографиялық туындылар ұсынылады. Концерттің басты тақырыбы - еркіндік пен шабыттың символы, әртістің есімімен үндес құс бейнесі болмақ.
Іс-шараға танымал өнер жұлдыздары Раушан Оразбаева, Мақсат Медеубек, Әли Окапов, Мәди Рымбаев, Алибек Альмадиев, Айзат Қарабек, Айдан Қалжан, сондай-ақ, «GULDER» ансамблі қатысады.
Бұл концертте Аққанат Смағұлова тұңғыш рет бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа бағдарламасын ұсынады.
Идея авторы, бас балетмейстер - Анвара Садықова, көркемдік жетекшісі - Абзал Өсімбаев, режиссері – Думан Әкім.
Аққанат Смағұлованың биіндегі шеберлік пен сезім тереңдігі көрерменді бейжай қалдырмайды. Ғажайып би кешін бірге тамашалаңыздар!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Бессмертный: кровавая дорога ...
