АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ
Қазақконцерт Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Ән әлемі тәлімгері» атты шығармашылық кешіне шақырады.
Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті тұлғаларының бірі Алтынбек Қоразбаев күнделікті өміріміз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған әндерді жазды. Оның музыкасы – Отанға деген шексіз махаббатты, дәстүрлерге құрметті және ұлттық рухтың мықты бейнесін көрсетеді.
Сахнада композитордың мұрасынан шабыт алған өнер иелері мен талантты шәкірттері өнер көрсетеді: Қазақстанның Халық әртісі Әлішер Каримов, «МузАРТ» тобы, танымал әншілер Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар, және «Меломен» тобы. Концерт «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Шығармашылық кештің көркін «Gulder» және «Бірлік» ансамбльдерінің хореографиялық композициялары келтіреді.
Бұл кеш нағыз музыкалық мерекеге айналмақ. Көрермендерді әсерге толы сәттер және ерекше рухани атмосферамен қауышу сәті күтіп тұр.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.jpg?w=220&h=300)
