тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Арқадан Алатауға сазды сәлем

Билет сатып алу

Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы  Қазақ оркестрінің Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында «Арқадан Алатауға сазды сәлем» атты концерті өтеді.

Концертте Абай атамыздың 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай, олардың әндері мен күйлері, Халық және Қазақстан композиторларының шығармалары орындалады. 

Бұл кеште Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші-композитор Секен Тұрысбек, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, Мәдениет саласының үздіктері – Ботагөз Ташимова, Данияр Мұқан,  Халықаралық байқаулардың лауреаттары – Нұрқанат Тапиев (тенор), Әйгерім Темірбекова (сопрано), Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижёры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ПАРАСАТ» орденінің иегері,композитор, профессор – Айтқали Жайымов, Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы – этнографиялық  «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижёры  ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Дінзухра Тілендиева,  дирижёр – Мәдениет қайраткері, композитор – Нұрлан Бекенов сахнада өнер көрсетеді.

Концертті жүргізуші – Марат Әйтімбай