Бес бойдаққа бір той
Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды.
Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұл - қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек…
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.
Актерлік құрамда:
Қырманбай - Б. Тұрыс
Барбол - Ж. Байсалбек
Нарбол - Н. Қуанышбайұлы
Күйкетай - З. Рахымжан
Шүйкетай - А. Ағымбай
Жарбол - Ә. Есбатыров
Гүлбарам - К. Шаяхметова
Марат - А. Тұрарбек
Кико - Қ. Набиолла
Мара - Ұ. Райханова
Қалдыгүл - З. Каташева




