ДИЛЬНАЗ АХМАДИЕВА
Қазақконцерт Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дильназ Ахмадиева шығармашылығының 25 жылдығына арналған жеке концертін өткізеді.
Мерекелік кеш барысында көрермен қауымға әншінің «Золотой», «Может однажды», «Думай обо мне» және т.б. кеңінен танылған хит әндері, сондай-ақ, сүйікті әндердің жаңа өңдеулері мен аранжировкалары ұсынылады. Концерт бэнд, ішекті аспаптар ансамблі және бэк-вокалдың сүйемелдеуімен өтеді.
Дильназ Ахмадиева көпшілік жүрегін баураған, ерекше дауыс иесі әрі кәсіби сахнада өзіндік қолтаңбасы бар танымал орындаушы. Оның сахнадағы табиғи харизмасы мен жанды дауыстағы шынайы өнері тыңдарман тарапынан жоғары бағаланып келеді.
Алдағы концерт әншінің шығармашылық жолындағы ширек ғасырлық белесті атап өтетін, мазмұнға бай әрі есте қаларлық музыкалық кеш болмақ.
Іс-шараға әншінің өнердегі әріптестері мен достары қатысады.
Сезімге толы сәттерді бірге бөлісіп, нағыз өнер мерекесінің куәсі болыңыз!