тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Дон Кихот»

Билет сатып алу
Билет сатып алу

Людвиг Минкус

«Дон Кихот»

Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Мариус Петипа мен Александр Горскийдің хореографиясы

1869 жылы М.Петипа М.Сервантестің «Дон Кихот» романының сюжетіне құрылған балет жасады. Испанияның көптеген қалаларын аралап, бұл елдегі би фольклорының дәстүрлері мен ерекшелігін бойына сіңірген хореограф сахнада оның барлық құндылығы мен өзгешелігін көрсете білді.

Алайда оның алдындағы авторлар секілді Петипа да ұлы әдеби дереккөздің екінші томындағы бай Камачоның (балетте – Гамаш) сұлу Киттериямен (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы, арудың ауылдағы сүйіктісі – бозбала Базилио (Базиль) жайлы баяндалатын екі тарауын ғана пайдаланды. Желтоқсан айының соңында Мәскеу Үлкен театрында тек Дульцинея классикалық би билеп, қалған кейіпкерлері өзіне лайықты рөлдерін сомдаған көңілді спектакльдің премьерасы өтті.

1871 жылы Петербор Үлкен театрында қойылған балетке Петипа жаңа редакция енгізді. Ал 1900 жылы Петипа хореографиясының негізі мен жалпы жоспарын сақтай отырып, Александр Горский «Дон Кихоттың» өзіндік қойылымын сахналады. Минкустың музыкасына А.Симонның испан биі мен Э.Направниктің фандангосы қосылды. Горский еңбегінің арқасында балеттегі дәстүрлі симметрия орнына, көпшілік көріністердің жаңаша шешімі табылды. К.Коровин, А.Головин, Н.Клодттың жаңашыл сценографиясы да сәтті болды. Дәл осы қойылым Үлкен және Мариинский театрларымен қатар, әр елдердің театр сахналары үшін спектакльдің классикалық үлгісіне айналды.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Китри –               Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

                            Шұғыла ӘДЕПХАН

 

Базиль –              Эркин БАЗАРБАЕВ (дебют)

                             Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

                                                                                                 

Дон Кихот –       Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

 

Санчо Панса –   Ерсұлтан ТОЙҒҰЛОВ (дебют)         

                            Ұлан БЕЙСЕНБАЕВ

 

Эспада, бас тореадор –  Айдан ҚАЛЖАН (дебют)

                                           Жәнібек АХМЕДИЕВ

                                                

 

Көше бишісі – София ӘДІЛХАНОВА (дебют)/ Лимара Айдарова (дебют)

 

Лоренцо –           Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ

 

Гамаш –              Олжас ТАРЛАНОВ

 

Гүл сатушы қыздар –           Назира ЗАЕТОВА (дебют)

                                               Дарья МИТРОФАНОВА (дебют)

                                               Әнел ЕСҚАЛИЕВА 

                                               Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Дирижер –  Элмар Бөрібаев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы мен есек) қатыстырылады

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.