тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ЖЫЛДЫҢ ОН ЕКІ МЕЗГІЛІ

Билет сатып алу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ 

«ЖЫЛДЫҢ ОН ЕКІ МЕЗГІЛІ»

(А.Вивальди, А.Пьяццолла, Е.Подгайц)

концерті

Ұзақтығы  – 1 сағат 55 минут 

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Халықаралық музыка күніне орай «Астана Опера» солистері мен Камералық оркестрі дәстүрлі түрде классика сүйер қауымға тарту жасамақ. Бұл жолы көрермендерді түрлі қалалар, елдер мен дәуірлерде жыл мезгілдері бойынша бірегей саяхат күтуде: Венеция – Буэнос-Айрес – Мәскеу (XVIII ғасырдағы италиялық бароккодан бастап ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «танго нуэво» стилі мен осы күндерге дейін).

Концерт бағдарламасында Антонио Вивальди, Астор Пьяццолла және Ефрем Подгайцтың жыл мезгілдеріне арналған топтамалары орындалады.

А.Вивальдидің 1723 жылы жазылған «Жыл мезгілдері» топтамасы барокко музыкасының ең озық үлгілерінің біріне әрі әлем мәдениетінің теңдессіз мұрасына айналды. Төрт концерт: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» – әлі күнге дейін ұлы венециялық кемеңгердің 550 шығармасының ішіндегі ең көп орындалатыны болып қала бермек.

Құштарлыққа толы аргентина тангосының аңызы атанған Астор Пьяццолла осынау халық биін қайталанбас күш-қуатын сақтай отырып, өресі биік өнерге әрі заманауи классикаға айналдыра білді. Жарқын мысал – «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» топтамасы: әр жылдары жазылған, бірақ біртұтас туынды ретінде орындалатын төрт танго.

Қазіргі заманғы ресейлік композитор Ефрем Подгайцтың «Мәскеудегі жыл мезгілдері» топтамасынын негізін өткен ғасырдың танымал фильмдерінде шырқалған И.Дунаевский, В.Соловьев-Седой, Э.Колмановскийдің жыл мезгілдері тақырыбындағы әндерінің әуендері құрады.

БАҒДАРЛАМАДА:

Антонио Вивальди. «Жыл мезгілдері»

(«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс»)

Астор Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

(«Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»)

Е.Подгайц. «Мәскеудегі жыл мезгілдері»

(«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс»)

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)

Дания ӘБІЛХАНОВА (скрипка)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның халық әртісі

 «Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.