тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Мені күт» концерт-спектаклі, Ернар Амандық «17» театрымен

Билет сатып алу

Бұл - ешқандай да өзгешелік емес. Барлығы-бұрынғыша. Ешкім қозғамаған тақырып емес, бұрыннан қозғалып келе жатқан тақырып. Тіпті, баяғыдан.

Заман талабына сай формат емес, барлық заманды қамти алған формат.

Сіз бұрын-соңды көрмеген оқиғалар емес, өзектілігін жоғалтпайтын оқиғалар.

Жүрекке жара салатын, салынған жараны емдей алатын, басы бар да, соңы беймәлімдікке ұласатын сезімдер сөйлейтін сәт. Жаныңыздың жасырынған жарасы жанды дауыста әнге айналатын кеш. Болашаққа емес, естеліктерге үңілгіңіз келсе, өзгеге айтқыңыз келмейтін әңгімені сахнадан көргіңіз келсе, Ернар Амандық пен «17» театрының «Мені күт концерт-спектаклі сізді күтеді.