Double-reed фестивалі («Қос түтік»)
«АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ
Double-reed фестивалі
(«Қос түтік»)
Бірінші концерт
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Классикалық музыка сүйер қауым үшін «Астана Опера» театры дәстүрлі Double-reed («Қос түтік») үрлемелі ағаш аспаптар фестивалі аясында концерттер легін ұсынады.
Қос түтікті үрлемелі ағаш аспаптар (қамыстың ерекше түрінен жасалған екі жапырақты пластинкадан тұратын дыбыс шығаратын құрылғы) – бұл гобой, ағылшын кернейі, фагот және контрфагот.
Double-Reed фестивалінің бірінші концерті фаготқа және арнайы осы аспап үшін жазылған музыкаға арналған.
Концерттерге бастамашылық еткен концертмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова (гобой) және Әсет Нелдібаев (фагот).
Бағдарламаларда арнайы фагот үшін жазылған ең үздік әрі танымал шығармалар да, сондай-ақ сирек орындалатын музыкалық шығармалар да орындалады.
Жоба авторы, фестивальдің көркемдік жетекшісі және дирижер – Қазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН.
БАҒДАРЛАМА:
А.Вивальди. Оркестр мен фаготқа арналған концерт, ре минор, RV481
1. Allegro
2. Larghetto
3. Allegro molto
А.Вивальди. Оркестр мен фаготқа арналған концерт, ля минор, RV498
1. Allegro
2. Larghetto
3. Allegro
В.А.Моцарт. Оркестр мен фаготқа арналған концерт, си-бемоль мажор, KV191
1. Allegro
2. Andante ma adagio
3. Rondo: Tempo di menuetto
Дж.Россини. Оркестр мен фаготқа арналған концерт (Concerto da Esperimento), си-бемоль мажор, GR V.21
1. Allegro
2. Largo
3. Rondo
В.Монти. Чардаш
Х.Ф.Джонсен. Екі фагот пен ішекті аспаптар оркестріне арналған концерт, фа мажор
К.М.Вебер. «Венгр фантазиясы»
Ә.Әбдінұров. «Аққу домбыра»
Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солистері қатысады –фаготта орындаушылар:
Әсет НЕЛДІБАЕВ
Шернияз НАЗАРОВ
Думан КУЩАНОВ (контрфагот)
Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)
Сондай-ақ жас музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары– фаготшылар:
Владимир АРДАШЕВ
Арыстан ТӨЛЕГЕН
Әли БОЛАТБЕК
Ринат ИСАКОВ
Бақдәулет ЖОЛДЫБЕК
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Жоба авторы және дирижер – Қазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

