тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ГАЛА-ОПЕРА (Astana Opera)

Билет сатып алу

 

ГАЛА-ОПЕРА

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Гала-операның жарқын концерттік бағдарламасы сахна төрінде «Астана Опера» театры солистері мен хорының және италиялық дирижёр Джузеппе Акуавиваның жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің басын қоспақ.

Көрермен қауымды опера өнерінің ғажайыбына толы кеш – әйгілі композиторлардың жауһарларынан танымал ариялар, дуэттер мен ауқымды көріністер күтуде.

Солистердің керемет дауыстары, хор мен оркестрдің мәнерлі үндесуі, сондай-ақ маэстро Джузеппе Акуавиваның шеберлігі тыңдармандарды опера өнерімен қауыштырып, естен кетпес әсер сыйламақ.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Астана Опера» театрының опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі

Дирижёр – Джузеппе АКУАВИВА (Италия)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.