тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

ҒАШЫҚТЫҚ

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай Қазақконцерт ұйымының талантты әртістері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, отбасылық дуэт Ардақ Елеусіз бен Тоғжан Үмбеттің «Ғашықтық» концерті өтеді.  

«Ғашықтық» концерті – тек музыка ғана емес, нағыз өнер мерекесі. Ол дәстүрлі музыканы бағалайтын әрбір жан үшін ұмытылмас әсер қалдырады.

Концерттің басты ерекшелігі:

- Заманауи музыка мен домбыра өнерінің ерекше үйлесімі;

- Махаббат символы мен таза нәзік сезімді қазақы дәстүр арқылы музыка тілімен жеткізу;

- Классикалық күйлер мен лирикалық композициялар, сондай-ақ авторлық туындылар;

- Жанды орындау, жаңа дарындардың ашылуы;

Концерт бағдарламасы:

«Ерке сылқым», «Әлқисса», «Алаш аманаты», «Ана», «Жалғыз аққу», «Ғашықтық», «Көңіл толқыны», «Қосбасар», «Шалкөде» және т.б. туындылар орындалады.

Іс-шарада кімдер өнер көрсетеді?

- Эстрада жанрында өзіндік ерекшелігі мен индивидуал стилі бар дарынды орындаушылар: Данияр Сағынтаев, Мәди Ахметқожа, Жәуке Оңдаған және «G-Band» тобы.

Отбасылық дуэттің алғашқы шығармашылық кешіне қатысып, ерекше сәттің куәгері болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!