Қайрақ сарқырамасы
БИЛЕТ САТЫП АЛҒАННАН КЕЙІН АВТОБУСҚА ОРЫН БРОНЬДАУ ҮШІН ТУРФИРМАҒА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ (+7 701 22 55 662 / +7 708 827 57 27)
Сапар жоспары:
08:00 - Байтурсынов көшесі, 100-үй, «Астана» қонақүйінің қарсы бетінде топ жиналады
08:30 - Жолға шығу. Жол барысында экскурсиялық ақпарат беріледі
11:30 - Қайрақ сарқырамасына жаяу экскурсия
14:00 - Сарқырама маңына жету. Бос уақыт, пикник
15:00 - Автобусқа қайта оралу
17:00 - Алматы қаласына кері жол
Бағаға кіреді:
Көлікпен тасымалдау
Гид-нұсқаушы қызметі
Ұлттық парктің экологиялық алымдары
Сапар ұзақтығы: 1 күн
Жас шектеуі: 3 жасқа дейін - тегін (автобуста жеке орын берілмейді).
11 жасқа дейінгі балаларға - балалар билеті.
Билет сатып алғаннан кейін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нөмірлер арқылы тіркелу қажет.
Түрген шатқалы - керемет табиғи көріністерімен және көрікті жерлерімен танымал. Соның ішінде ең әдемі, ең биік әрі ең қуатты сарқырама - Қайрақ сарқырамасы.
Ол Бозгүл өзенінде орналасқан, бұл - Түрген өзенінің оң саласы.
Сарқырамаға апарар жол Батан өңірінен басталады. Бұл жерде Кіші Түрген мен Түрген өзендері тоғысады.
Уақыт шамамен көрсетілген, ол топтың физикалық дайындығына, тәртіптілігіне және күтпеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Жолға алар қажетті заттар:
•Жеке куәлік немесе төлқұжат
•Жаңбырдан қорғайтын киім. Ауа райына сай, ыңғайлы киім мен аяқ киім
•Өз қажеттілігіңізге арналған дәрі-дәрмек, күннен қорғайтын крем мен көзілдірік, кенеге қарсы спрей
•Күн бойына тамақ және су, power bank
•Қосымша шығындарға арналған қолма-қол ақша (дүкен т.б.)
Киім үлгісі: Спорттық, ыңғайлы киім мен аяқ киім (трекингке арналған аяқ киім т.б.)
Қайтару ережесі: Тур басталуына 72 сағат қалғанда ғана қайтаруға болады