тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ҚОБЫЗШЫЛАР ШЕРУІ

Билет сатып алу

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері «Қобызшылар шеруі» дәстүрлі өнер кешін ұсынады.

Музыкалық кештің ерекшелігі - ұлттық музыка өнерінің інжу-маржандарын дәріптеп, төл мұрамыздың рухани тереңдігін көпшілікке паш ету. Концерттік бағдарламада Ықылас, Сүгір, Қорқыт сынды ұлы күйшілердің «Аққу», «Сарыарқа», «Қоштасу», «Қорқыт», «Шыңырау» және т.б. күйлері орындалады. 

Бұл шараға неліктен бару керек?

- дәуір үні, күйлердің жаңаша форматта ұсынылуы;
- авторлық күйлер, қобыз сүйемелдеуімен орындалатын жыр, ән және би қойылымдары;
- қобызшылар мен домбырашылардың күй тартысы; 
- танымал қобызшылар мен жас дарындардың бір сахнада өнер көрсетуі 
- күйшілердің жеке орындау стилін көрсету;
- дәстүрлі орындаушылық пен заманауи сахналық үлгілердің ұштасуы. 

Іс-шараға Жаңқаш Жұмабеков, Саян Ақмолда, Батырбек Байназаров, Жанар Жүсіпова, Мақсат Медеубек, Әділет Азбаев, Олжас Құрманбек, Ақерке Тәжібаева, Салтанат Ерсұлтан, Дәрия Жұмағұлова, Айдос Оңғарбай, Айгерім Ахметжанова және т.б. қатысады.

Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер кешін бірге тамашалайық!