«Аққу көлі» Атырау қаласында
Әлем балеті репертуарындағы ең әйгілі қойылымдардың бірі.
«Аққу көлі»
қойылымын 26 наурыз күні Қостанай облыстық Е. Өмірзақов атындағы филармонияда Мәскеудің классикалық балеті Санкт-Петербург пен Мәскеу балетінің әртістерімен бірлесіп ұсынады.
Басты партияларды халықаралық сыйлықтар мен беделді байқаулардың лауреаттары - Мәскеу мен Ресейдің жетекші балет мектептерінен шыққан жарқын, дарынды, майталман орындаушылар өнер көрсетеді.
Қойылымның өзегінде махаббат пен қарғыс туралы хикая жатыр. Құндылық пен мұрат уақыт өткенмен өзгермейтінін айқындата отырып, бұл өнер туындысы ешбір көрерменді бей-жай қалдырмас. Өмірге құштарлық, бақытқа деген үміт, мінсіз сұлулықты мадақтау. Басты кейіпкерлер: ханшайым Одетта/Одиллия, ғашық ханзада Зигфрид және зұлым сиқыршы Ротбарт. Арбап әкететін, сиқырлы атмосфера соңғы сәтке дейін сейілмесі сөзсіз...
* Әнін жазған - Пётр Ильич Чайковский
* Хореография - Мариус Петипа мен Лев Иванов
* Екі актілі, төрт көріністі балет
