Мега жұлдыздар Алматы қаласында
«Sirius Star Media» «Мега жұлдыздар Алматы қаласында» атты орасан зор концертін ұсынады!
Кеш қонақтары: Mustafa Sandal, Sadraddin, Roza Zergerli, Алексей Чумаков, Burak Özçivit және «Tynda Music» оркестрі.
Алексей Чумаков еліміздің барлық тыңдармандарына жақсы таныс. Бұл латын америкалық ырғақтар мен көркем лириканың таңғажайып өнерқоспасы. Әншінің жойқын қуаты, кәсіби музыканттар, жанды дыбыс және бүкіл концерт акустикалық дыбыспен көмкерілген ең әдемі алаңдардың бірі - осының бәрі қайталанбас әсерлер сыйлайтын болады. Керемет кеш өткізу үшін тағы не қажет? 22 наурыз күні Алексейдің «Счастье», «Тут и там», «Девочка, девушка, женщина», «Необыкновенная», «Небо в твоих глазах» және т.б. сияқты әйгілі хиттерін тыңдайтын боласыздар.
Садраддин - музыкасы жүректерді тербеп, сиқырлы эмоциялар сыйлайтын бірегей әнші. Оның әуендері тыңдарманды қиял мен керемет хикаялар әлеміне баурай түседі.
Мұстафа Сандал - түрік музыкасының сиқыры және керемет энергетикасы! Онымен бірге өтетін іс-шарадан қапы қалмаған дұрыс!
Роза Зергерли - Шығыс жұлдызы! Әзірбайжан эстрада әншісі және тележүргізуші.
Шығармашылық қызметінде екі альбом шығарды және тоғыз бейнебаян түсірді, бірнеше сериалдарға түсті. Ол эстрада өнері саласындағы бірнеше ұлттық сыйлықтардың иегері, қазылар алқасының мүшесі және халықаралық фестивальдардың қатысушысы.
Burak Özçivit - бүкіл әлем бойынша қыздардың сүйікті актері! Сіздердің жүректеріңізді бағындырып алатын керемет дауыс пен баурағыш харизма!
Tynda Music - жастарға заманауи музыканы жаңа қырынан ашып, топ жарған қазақстандық сахнаның жарқын жұлдыздары!