«Бітім» (2025)
Билет сатып алуШығарылған жылы: 2025
Өндіріс елі: Испания, Қазақстан
Режиссер: Мигель Анхель Вивас
Актерлер: Мигель Эрран, Арон Пипер, Сергей Уфимцев
Жанр: тарихи драма
Жас шектеуі: 18+
Премьера күні: 30 қазан, 2025
Фильмнің оқиғасы 1937-1945 жылдары Қазақстандағы КарЛАГ-та өрбиді. Мұнда бүкіл әлемнен әкелінген тұтқындар қамауда отырған еді.
Осы жерге испандық республикалық Телмо Рейес (30 жаста) пен КСРО-ға қарсы соғысқан «Көк дивизия» сарбазы Сальгадо (28 жаста) түседі. Жат жерде бір-біріне қас дұшпандардың жолы тоғысады.
Лагерь өміріне бейімделуге тырысқан олар Ораз Сәкеновпен (45 жаста) танысады - қазақ филологы, мұғалім, қазақ зиялыларының жиынтық бейнесі. Оның прототипі - өткен ғасырдағы Алаштың ардақты патриоттары. Кітапқұмар, білімді Ораз тұтқындарға даналық кеңес беріп, барлығына жеңілдік әкелудің жолын іздейді.
Сальгадо лагерьде Айсулу есімді қазақ қызына (26 жаста) ғашық болады. Бірақ Айсулудың жүрегін қақ бөлген сезім мен отансүйгіштік борыш арасында таңдау жасау оңай емес.
Фильмде қазақ халқының мейірімі мен кеңпейілдігі, бөтенді өз бауырына тартқан қасиеті көрініс табады. Қазақстан миллиондаған адам үшін екінші отанға айналды - жомарт, төзімді әрі жанашыр. Бұл - халықтар достығының тарихы. Ол өткеннің азабын еңсеруге жәрдем берді және бүгінгі күнде де сақталуға тиіс құндылық.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
