«Покровский перезвон» Петропавл қаласында
Құрметті достар! «Покровский перезвон» атты орыс және казак мәдениетінің халықаралық фестивалі өзіндік болмысымен, сан қырлы әрі шынайы халық шығармашылығының айрықша көріністерімен нағыз өнерсүйер қауымды тағы да шақырады. Фестиваль ұлы православ мерекесі - Қасиетті Құдай Анасының Покровы құрметіне орай өткізіледі. Бұл мереке - иман мен дұға арқылы Жаратқанға жүгінген әрбір жанға Құдай Ананың қамқорлығы мен қорғанышының нышаны. Сондықтан, нұр мен махаббатқа, әсемдікке толы рухани музыка фестиваль бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады.
19 жылдық тарихында «Покровский перезвон» халық жүрегінен берік орын алып, зор сүйіспеншілік пен танымалдыққа ие болды. Себебі ол көрерменге халық даналығы мен руханиятын бейнелейтін тірі мәдениетпен жүздесуге мүмкіндік береді.
Жаңа маусымда халық жанрының ең үздік ұжымдары мен орындаушылары, сонымен қатар аймақ қонақтары көрермендерге славян мәдениетінің бай музыкалық мұрасымен қауышудың ұмытылмас сәттерін сыйлайды.
Осындай жобалардың арқасында біз көпұлтты қоғамымыздың төзімділік пен бейбітшілікке негізделген құндылықтары мәдени мұраны қайта түлетудің және мәдениеттер арасындағы байланысты дамытудың қайнар көзі екенін терең ұғынамыз. Өнер тілі - адам сезімдерінің ең нәзік қырларын бейнелейтін мәңгілік әмбебап құрал.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
