«Қар патшайымына саяхат». Тұсаукесер!
Жаңа жылдық шырша «Жас Сахна» театрында!
20 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында «Жас Сахна» театры сіздерді нағыз қысқы ертегіге, Қар патшайымына ғажайып саяхатқа шақырады!
Сіздерді сиқыр мен шаттыққа толы ерекше атмосфера күтеді:
- сүйікті ертегі желісіндегі жарқын театрландырылған қойылым;
- театр актерлерімен бірге қызықты ойындар мен көңілді би;
- Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен естелікке суретке түсу;
- балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтар!
Күн сайын екі қойылым өтеді:
сағат 11:00 және 14:00-де.
Топтық және корпоративтік өтінімдер қабылданады, өзіңізге ыңғайлы күнді таңдаңыз да, балаларға ұмытылмас ертегі сыйлаңыз!
Брондау ашық. Мейірім мен достық, сиқыр мен жылулық мұздай Қар патшайымының жүрегін жеңетін қысқы ертегіге қосылуға асығыңыз!
