Қажымұрат Шешенқұлұлы Алматыда
Өнер сүйер өнегелі елім! Сіздер шексіздік табиғат талантын сыйлаған, халқына сыйлы қадірлі азамат, әнші, сазгер, көптеген ән албомдарының авторы, Қытай, Маңғұлия елдерінің құрметті азаматы, эстраданың еркесі, сезімнің серкесі Қажымұрат Шешенқұлұлының «Сені ғана» атты көңілді шығармашылық кешіне шақырады.
Қажымұрат Шешенқұлұлының Қытай елінде, Маңғұлия елінде және Алматы қаласында бұдан бұрында неше дүркін дүл-дүлді, дүбірлі кештері өткен. Көрші елдер де және еліміз ішінде ақ баталы сахынада әннен шашу шашқан азамат.
Қажымұрат Шешенқұлұлы Қара жорғаны халқараға танытқан азамат. «Мақпал жан», «Көне үйім», «Сені ғана» қатарлы жұрт жүрегінен орын алған ғұмырлы әндері және бабында орындалған халық әндері естеріңізде болар.
Бұл кеште сіздер тыңдамаған жаңа әндерді өзі орындауымен және танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен ел есінен кетпейтін, тарих бетіне жазылатын керемет өнегелі, дәстүрлі, лирикалы, түрлі рухани мазымұнға бай керім кеш куәсі боласыздар. Жаңа жобалар, тың тақырыптар, жүрек тербер сахына сарыны сіздерді күтеді, келіңіздер, көріңіздер!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

