тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

РЕКВИЕМ

Билет сатып алу

 

Балнұр Қыдырбек

РЕКВИЕМ

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

27 сәуірде «Астана Опера» театрының Үлкен залында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің Реквиемі шырқалады.

Балнұр Қыдырбек – өзіне тән қайталанбас стилімен әрі жалпыға түсінікті тілімен ерекшеленетін 500-ден астам музыкалық шығарманың авторы. Композитордың шығармашылығы сан қырлы жанрымен ерекшеленеді: «Қалқаман – Мамыр» опера-балеті, «Жанұран» мюзиклі, балаларға арналған шығармалар («Қарлығаштың құйрығы неге айыр» балеті), труба мен оркестрге арналған концерт, симфониялық поэмалар, кантаталар, увертюралар, оркестрлік сюиталар, сондай-ақ кино мен театрға арналған музыка, эстрадалық әндер, қазақ халық әндерін өңдеулер және т.б.

Б.Қыдырбектің Реквиемі – қазақстандық музыка өнерінің тарихында осы жанрда жазылған тұңғыш туынды – 2014 жылы ол әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылды.

Реквиемнің негізгі арқауы – бірлік, бейбітшілік, рухани келісім мен төзімділік. Туындының тағы бір айтар ойы – ұрпақтар сабақтастығы, заманалар жалғастығы, отанға қызмет етудің асқақ мұраты. Бір әулеттің алты буынының мысалы арқылы «халық тәуелсіздігі» атты ұлы идеяның 250 жыл бойы ұрпақтан-ұрпаққа қалай берілетіні көрсетілген.

Тыңдармандарда ұрпақтар тағдыры мен ел болашағы туралы толғанатын замандас шығармашылығын лайықты бағалауға тамаша мүмкіндік бар.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Артур ҒАБДИЕВ (тенор)

Алтынбек ӘБІЛДА  (баритон)

Гүлжанат САПАҚОВА (меццо)

Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)

«Астана Опера» опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі

ДирижерҚазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді