САРЫЖАЙЛАУ
Қазақконцерт Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай Мәдениет саласының үздігі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртісі Қайрат Айтбаевтың «Сарыжайлау» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді.
Концерттік бағдарламада Тәттімбет, Байжігіт, Сүгір, Әбікен сынды халық композиторларының күйлерімен қатар, Төлеген Момбекұлы мен Нұрғиса Тілендиевтің туындылары, сондай-ақ жыр-терме және дәстүрлі әндер орындалады.
Қайрат Айтбаевтың жеке шығармашылық концерті алғаш рет кең ауқымда ұйымдастырылып отыр. Бұл кеш аясында тек күйлер ғана емес, поэзия, жыр және дәстүрлі ән өнері тоғысып, көрерменге ұлттық өнердің терең мазмұнын ұсынатын рухани кеш ұсынылады. Жетіген аспабындағы ерекше орындау концерттің көркемдік бояуын айшықтай түседі. Ал күйшінің репертуарынан Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Қырмызы Қосбасар», «Сылқылдақ», сондай-ақ, Төлеген Момбековтің «Салтанаты», Кетбұғаның «Ақсақ құланы», Әбікен Хасеновтың «Қоңыры» мен Нұрғиса Тілендиевтің «Көкшетауы» сынды сирек орындалатын шығармалар көрермен назарына ұсынылады.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер кешін бірге тамашалайық!