СИМФОНИЯ КЕШІ
СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ
Көктемнің әдемі кешінде Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі барша өнерсүйер қауымды мәдени іс-шараның қонағы болуға шақырады.
Сахнада Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, танымал скрипкашы Айман Мұсахаджаева және Берлин операсының жетекші альтисті Андрей Гридчук. Дирижер – Калининград симфониялық оркестрінің дирижері Михаил Кирхгофф.
Концерт бағдарламасы екі көлемді шығарманы қамтып, әрқайсысы өзіне тән музыка әлеміне жол ашады:
Арам Хачатурян. Оркестр мен скрипкаға арналған концерт
Алғашқы премьерадан бастап скрипкалық репертуардың ажырамас бір бөлігі саналатын бұл концерт шығыс мотивтері мен әсерлі сәттерге толы.
Брюс Берлинер. «Jacob’s Dream» симфониясы
Барух Берлинер «Jacob’s Dream» Альт пен оркестерге арналған концерт
Бұл - Иаковтың библиялық оқиғасынан шабыт алған терең әрі мистикалық шығарма. Аталған музыкада оркестрдің үні арқылы альттың терең және ерекше дыбысы естіледі.
Концерт - танымал туындыларды әлемдік жұлдыздардың орындауындағы тыңдаудың сирек мүмкіндігі. Қапы қалмаңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

